Автор: Сауле Жамакишевна Битимбаева
Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.
Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды.