Автор: Оспанова Толганай
Бүгінгі баяндамада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (ТжКББ) шет тілін оқыту барысында инклюзивті тәсілдерді қолданудың өзектілігі мен практикадағы тиімді шешімдері туралы сөз қозғаймын.
Білім беруді дамытудың бүгінгі бағыты — әрбір студенттің қажеттілігіне бейімделген қолжетімді әрі сапалы білім беру. Осы тұрғыда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) студенттерді шет тілін оқыту процесіне тиімді енгізу — замана талабы.