Автор: Утепова Динара Юрисовна
Ұстаз болу — білім алушы алдында ғана емес тұтастай мемлекеттің болашағы алдындағы жауапкершілікті міндет деп білемін. Мемлекетіміздің болашағына алаңдаушылықты мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндерімізден бастауымыз керек. Білім алушылар қоршаған ортаны тану тағы басқа білім алудың алғашқы баспалдақтарынан бастауыш сыныпта өтеді. Бастауыш сыныпта оқытуда 1-2 сыныпта ағылшын, орыс тілі пәнін оқытуды алынып тасталуы өте дұрыс шешім болды. Ана тілімен танысып үлгермей жатып, шет тілдерін бірге қоса оқыту балаға ауыр жүк екені бәрімізге белгілі еді. 1-2 сыныпта ана тілін толық танып, математикалық сауатын ашып алған соң, шет тілін меңгеру білім алушыға да, пән мұғалімдеріне де жетістіктерге толы білім болары анық.
Менің жұмысым өзіме қатты ұнайды. Оқушылардың мені күтіп, немесе алдымнан қуанып, жүгіріп қарсы алатыны мені жұмысқа шабыттандырады. Өзімнің жұмысымды пайдаланып, мемлекетіміздің дамуына, болашағына оқушыларға білім беру арқылы үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің арқасында жастарды білім-ғылым жолына баулып және жетістіктерін көргім келеді. Әрбір оқушым мемлекетімізге, отан үшін қызмет ететін азамат-азаматша болуына үлес қосуға тырысамын. Екі күн демалыстан соң жұмысқа асығып тұрамын. Бастауыш сыныпта қиындыққа қарағанда қызық сәттер өте көп. Оқушыларды оқыту барысындадағы қиындықтар кездесе қалған жағдайда тез шешуге тырысамын. Сабағыма мекеме басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбары, бірлестік жетекші, әріптестерім қатысып, ұсынылған пікірлермен жұмыс жасаймын. Оқушылардың тақырыпты барлығы бірдей игеруіне ықпал етуге тырысамын. Жаңа тақырыпты өтпес бұрын үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырамын. Сабақта деңгейлік тапсырмалар қолданамын. Түрлі деңгейлік тапсырмалар және қосымша сабақтар арқылы нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Білім алушылар арасында мінез-құлыққа байланыста тәрбие мәселесінде қиындықтар кездесіп жатады. Бұл қиындықтардың алдын алу мақсатында тәрбие жұмыстары бекітілген. Тәрбие жөнінде қиындық кездескен жағдайда бірінші сынып сағатында талқылап, сонымен қатар ата-аналар жиналысын өткізумен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орыбасары, мектеп психологымен бірлескен жқмыстар арқылы шешуге тырысамын. Ата-аналармен үздіксіз байланыс құрамын.
Әрбір оқушы жеке тұлға. Әр оқушы жақсы мамандық иесі болына мұғалімнің үлесі зор. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты елдің болашағына, дамуына, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырын бекем ұстауға тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың атқаратын ролі зор. Жұмыста қиындығы мен қызықты сәттерге толы бастауыш сынып мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілеймін.